Рухани жаңғыру

Тағдыршешті тың тұғыр

  

     Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын графикасына көшіру керек екендігін және оны алдымыздағы бір-екі  жылда ұйымдастырып, 2025 жылға дейін толық көшу қажеттілігін айқындап айтты. Әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына ену үшін бұл идеяның ықпалы зор.

Біздің ұлттық тілімізде 1929-1940 жылдары латын графикасы қолданыста болған. Күнделікті өмі­рімізде,  рухани әлемімізде қол­да­нылып келген осынау үрдісті қайта жаңғыртып, жаңаша көзқарас, соны сипат беру  құптарлық жайт. Біздің көне мұраларымыздың көбісі араб және латын графикаларымен жазылған. Солардың барлығын бүгінгі және келер ұрпаққа жеткізу жолында латын графикасының мүмкіндігі мол. Бүгінгі компьютер, технология заманында әлемнің  жетпіс  пайызы латын қарпын қолданып отыр. Осы орайда Жер шарының көптеген мемлекеттерімен рухани байланысқа түсу үшін бұл бастаманың өте өзекті екендігін мойындау қажет. Сонымен қатар, бауырлас түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиетін түсіну барысында көп қиындықтар туғызбайды.  Қазіргі қазақ тіліндегі артық әріптерден де арылып, ықшамдала, нақтылана түсеміз. Әлемдік аударма саласында да біраз жеңілдіктер болады.

Латын графикасымен әлемнің кез келген елімен жылдам әрі тез хат алмасуға болады. Мысалы, Қытай, Моңғолия, Түркия, Германия елдеріндегі қандастарымыз  кирилицадан гөрі латын графикасына жақын. Олармен де тез қарым-қатынас жасауға ыңғайлы.

Қысқасы, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген өзекті мә­селелердің бірі латын графикасына көшу бүгінгі замана талабы, уақыттың талабы. Өркениеттің өрі­не ұмтылудағы ең бір төте жол. Осы орайдан біздің Е.Бөкетов ат­ын­дағы ҚарМУ-дың  профессор­лық-оқытушылар құрамы, студент-жастар, яғни осы жоғары оқу ор­нының барлық ұжымы Елбасымыздың салиқалы саясатын, көрегенді идеясын толық қостай отырып, бұл жаңа бастамаға әзірлікті бастап кеткендігін баса айтқым келеді.

Әлімжан Жақан,

Е.Бөкетов атындағы

ҚарМУ-дың журналистика кафедрасының

 аға оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button