Руханият

Тұжырымдама – зайырлы қоғам кепілі

     Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы мемлекеттің діннен бөліну қағидатына негізделіп әзірленген. Тұжырымдаманың басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидаттарын нығайтуды көздейді. Қазақстандықтардың діни сенім бостандығын, дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын қамтамасыз ету тұжырымдаманың айнымас негізі.

Тұжырымдама қоғамымызда іс жүзінде орныққан конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарға алдағы уақытта өзінің елеулі үлесін қоса отырып, дінді деструктивті мақсаттарда қолдануға жол бермеуге септігін тигізуге арналған.

Тұжырымдамада мемлекет саясатының дін саласындағы ұстанымы, стратегиялық мақсаттары мен бағыттары айқын көрсетілген. Аталмыш құжат жобасы бірқатар сарапшылар мен дінтанушы мамандардың, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің талқылауынан өтіп отыр.

Тұжырымдамада негізінде елімізде діни білім беру тәртібін реттеу, жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға жол бермеу, діни әдебиеттерді тарату тәртібін жетілдіру және басқа мәселелерін шешу жолдары қолға алынған. Дінді ұстанатын азаматтарымыздың діни рәсімдерді жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасау тетіктері де қарастырылған.

Зайырлылық қағидаттарын халқымыздың өмір сүру салтына айналдыру мақсатында мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет, құқық қоғау, арнайы қызмет пен қарулы күштер, бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт жүйелерін жұмылдыра отырып, елімізде әлеуметтік-экономикалық және отбасы институтының мәселелерін шешуді көздейтін мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынасына жағдай жасалатындығы тұжырымдаманың ерекше тұстарының бірі болып табылады.

Тұжырымдама негізінде дін саласындағы мемлекеттік саясат іске асырылмақ, діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас дамытылмақ, азаматтардың діни сенім бостандығы қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында өзара әрекеттесу моделі қалыптасып, зайырлылығымыз асқақтай түспек.

Қарағанды облысының дін істері басқармасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button