Спорт
Тәуелсіздік күні Астанада былғары қолғап шеберлері жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22КО) 16 желтоқсанда кезекті жекпе-жегін Астанада өткізеді. Тәуелсіздік күні рингте тек Қанат қана емес, Садриддин Ахмедов те (13-0, 11КО) осы кеште өнер көрсетпек.
Айта кетейік, Ислам былтырғы қарашадан бері жұдырықтаспады. Сол уақытта америкалық Плант-Ситиде аргентиналық Хавьер Франсиско Масиэланы (34-21, 23КО) төрешілер шешішімен жеңген еді.
16 желтоқсанда жұдырықтасуды жоспарлап отырғандардың бірі – Жанқош Тұраров (27-0, 20КО). Ол Алматыда жекпе-жек өткізбек. Сол күні басқа да қазақстандық боксшылар рингке шығатыны хабарланды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz