Қарағанды

Түсіндіру жұмыстары – тыңғылықты

   Сейсенбі күні Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қарағанды облысы прокуратурасының «Тұрғындардың сенімі» жобасы аясында «Тұрғындардың терроризм актілері қаупіне дайындығы» бағыты бойынша Қарағанды қаласы тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесу шеңберінде терроризмге қарсы Орталықтың қызметкерлері тұрғындарға нақты қауіп-қатер немесе терроризм актісі жасалған, не болмаса, терроризмге қарсы әрекет кезіндегі азаматтардың іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кездесу қорытындысы бойынша қала жұртшылығы тарапынан оң баға берілді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button