Жаңалықтар

Тәртіп сақшыларына тарту

     Ертең – Қазақстан Полициясының құрылғанына 25 жыл. Мерейтой қарсаңында Қарағанды полицейлері жүзден астам арнайы көліктің кілтіне ие болды. «Тәуелсіздік» алаңында кеше өткен салтанатты рәсімге облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ қатысты.

Бүгін біз қарағандылықтар атынан жаңа көліктердің кілтін табыс етеміз. – Елбасының ішкі істер мекемелерін қажетті жабдықтармен толық қамту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға 2,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сіздерден тұрғындарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау талап етіледі. Жергілікті атқарушы органдар сіздердіunnamedң жұмыстарыңызды жақсарту үшін барлық жағдайды жасайды, – деген облыс әкімі облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, генерал Мергенбай Жаппаровқа жаңа көліктердің кілтін табыстады.

Өз кезегінде генерал аймақ басшысына ризашылығын білдіріп, Қазақстан Полициясының мерейтойы қарсаңында берілген мұндай бағалы тартуға шексіз разы екендігін жеткізді. 

103 «Kia» және «ГАЗ» көліктерін сатып алуға бюджеттен 900 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Бұл көліктер енді жол-патрульдік қызметі мен жергілікті полиция бөлімшелерінде халық игілігі үшін қызмет ететін болады.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Л.ГАЛИМОВ.

 

Басқа материалдар

Back to top button