Осакаров

«Төрлет, Наурыз – жыл басы!»

   Наурыз мейрамына орай Осакаров ауданы әкімдігі ғимаратының алдында кенттік және селолық округтері әкімдерге «Нива» қызмет автокөліктерінің кілтін салтанатты түрде табысталды.

Биылғы Наурыз мейрамының ерекшелігі – «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналды. Аудан әкімі Қайрат Шайжанов Мәдениет үйінде аудан тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Наурыз мейрамын тамашалауға жиылған тұрғындардың бірі де сыртта қалмай, атадан бата алған үлкенді-кішілер Мәдениет үйі көркемөнерпаздары ұйымдастырған «Төрлет, Наурыз – жыл басы!» мерекелік концерттік бағдарламадан ғибратты кеңес тыңдап, ақ жаулықты аналар Наурыз мейрамына арнап шашу шашты. Сахна төрінде маң-маң басқан әжелер, ойнақтаған балалар бар өнерін паш етіп, қадір тұтар ағалар, ақсақалды аталар қошеметтеп қол соқты. Осылайша Наурыз тойы басталды.

Той алаңқайында алтыбақанда жастар думанды қыздырып, ұлттық спорт ойындарынан бәсеке басталып кетті. Оның алдында Денешынықтыру Сауықтыру орталығында наурыз мейрамы қарсаңына тоғызқұмалақтан, дойбыдан, шағын футболдан, Есіл ауылында өткен шаңғы жарысы қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Спортқа барын салған жастардың арқан тарту, қазақ күресіне, армрестлинг, кір тасын көтеруге деген құштарлығын да байқап отырдық.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбына қызығушылық танытушылар той алаңында ұйымдастырылған қайырымдылық дастарқанынан дәм татты. Этноауылда этно-мәдени бірлестіктері аудан әкімін, аудандық мәслихат хатшысын, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы мен ардагерлерін қарсы алып, түрлі ұлт өкілдері тағамдарынан дәм татқызды. Қонақтар тарапынан олардың еңбегіне алғыс айтылды.

Іс-шара аяқталғаннан кейін Мешіт жамағаты қолдауымен аудандық орталық Тоқа Байғозықажы мешітінде Ақшам намазынан кейін наурыз көже ұйымдастырылып, мешіттің наиб имамы Әлібек Мұхамедияр отбасынан дәм ұйымдастырылды. Ауданның Бас имамы Жоламан Яхияев, Мешіт жамағатын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күнгі уағыз да ерекше болды. Ауданның Бас имамы Жоламан Яхияев, «Адал нәпақа – халал еңбек» тақырыбындағы уағызымен «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақкөңіл, адал жүрекпен жамағат құшақтарын айқастырды.

Сержан СМАХАНҰЛЫ.

Осакаров ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button