Түркияда бақ сынайды
Қарағандылық есту қабілеті нашар жеті спортшы 2017 жылғы XXIII жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысуға жолдама ұтып алды. Халықаралық жарыстар Самсун (Түркия) қаласында 18 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта өтеді.
– Қазақстан Республикасының Сурдлимпиадалық комитеті 2017 жылғы Сурдлимпиада ойындарына қатысушылар тізімін құрды. Біздің елімізді 42 спортшы жеті спорт түрі бойынша таныстыратын болады. Оның арасында жеті қарағандылық спортшы үш спорт түрі – жүзу, таэквондо және каратэ бойынша сайысады, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова.
Аян Әбдрәш, Елена Салмина, Валентина Антоненко, Андрей Пантелемонов, Юлия Ганке, Виктор Фрундин және Алена Бирюкова Тынық мұхиты Азиялық ойындарында және Әлем чемпионатында «А» тобының нормативтерін орындады. Қазіргі таңда олар Сурдлимпиададағы сайыстарға дайындалып жатыр.
Басқарманың мәлімдеуінше, Қарағанды облысында 25 спорт түріне қатысатын 3366 мүгедек бар. Қарағандылық 68 мүмкіндігі шектеулі спортшы ұлттық құрамаға енген. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 42 спортшы республикалық деңгейде өткен сайыстарға қатысып, 59 медаль, оның ішінде, 37 алтын жеңіп алған. Қарағандылық Руфат Хабибуллин БАӘ-де өткен Әлем кубогында жеңіл атлетика бойынша қола ұтып алды. Айдос Жылқышымов Польшада өткен Халықаралық турнирде оқ ату бойынша Халықаралық санаттағы спорт шебері нормативін орындады.
Мүмкіндігі шектеулі екі спортшы – Андрей Афанасьев пен Руфат Хабибуллин облыс әкімінің 70 мың теңге көлеміндегі стипендиясын алады.
Сурдлимпиада ойындары – есту қабілеті нашар адамдарға арналған спорт жарыстары. 2001 жылға дейін ол басқаша аталатын – Дүниежүзілік саңыраулар ойындары, ал одан ертеректе – Халықаралық саңыраулар ойындары деп аталатын еді. Алғаш рет Дүниежүзілік саңыраулар ойындары 1924 жылы Парижде өткен.
Жарыс кезінде есту аппараттары мен кохлеарлық импланттармен пайдалануға рұқсат етілмейді.
Сайыс кезінде дыбыс сигналдарының орнына жарық белгілері қолданылады.
Өз тілшімізден.