Түркия төрінде – Тәттімбет ескерткіші

Түркияның төрінде түбі бір түркі жұртына ортақ тұлға, күйші-компазитор Тәттімбет Қазанғапұлының еңселі ескерткіші бой көтерді. Аталмыш жобаның іске асуына облыс әкімдігі қолдау білдіріп, ұлттық руханияттың үлкен жанашыры, мемлекет және қоғам Дүйсен Қасейінов мұрындық болған.

Екі ел арасындағы ынтымақтасты нығайтуға сүбелі үлес қосар шарапатты шараға Қарағанды облысының бір топ зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысып, тарихи оқиғаның куәсі болды.

– Бұл – Алаш пен Анадолы арасын ғана емес, түгел түркі баласының байланысын бекітуге өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген, мәдениеттің жанашыры, руханияттың қызғыш құсы Дүйсен Қасейінов ағамыздың осыдан 5-6 жыл бұрын айтқан идеясы-тұғын. Содан бергі уақытта аталмыш жоба пісіп-жетілді. Көзге көріне бермейтін қыруар жұмыс жасалды. Дүйсен ағамыздың табандылығы мен қажыр-қайратының арқасында үлкен жоба жүзеге асты. Тәттімбет бабамыздың еңселі ескерткіші қойылды. Түрік елінің төріндегі тастұғырына қонды.
Сондай-ақ, бірегей жоба облыс басшысы Ермағанбет Қабдулаұлының үлкен қолдауымен жүзеге асқанын айрықша атап айтқым келеді,- деді Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.