АймақҚарағанды

Тұрғындарға құрт тарту етті

Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері қаламыздың қоғамдық орындары мен  көліктерінде тұрғындарға қазақтың ұлттық тағамы – құрт тарту етті.

Сурет: автордікі

Аталған шара 1 наурыз – Алғыс айту күніне орайластырылған «Алғысым шексіз» челленджі аясында Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.

Ұлттық киім киген жастар қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, құрт таратып, ол туралы қысқаша мағлұмат айтты. Сондай-ақ, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен дәстүрлі әндер шырқалып, барша тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Әділет ШОПЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button