Руханият

Тұлға һәм тарих

    Жуырда «Достық үйінде» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Келелі жиынға Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, ғылыми-сараптамалық тобының, Қоғамдық келісім кеңесінің және Аналар кеңесінің мүшелері, медиаторлар, студенттер, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстанның қол жеткізген табыстары мен бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы Ұлт Көшбасшысы, Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен Елбасының ролі әңгіме арқауы болды.

Дөңгелек үстелдің модераторы ҚММУ-дың әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректоры, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор В.Молотов-Лучанский өз сөзінде: Қазақстан Президентінің Республика алдындағы жетістіктерін паш ету үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі», – деді.

Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Философия және психология» факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы Б.Кәрібаев өз ойын әйгілі ойшыл Т.Карлейльдің «Барлық өркениет тарихы, заманындағы аса көрнекті тұлғалардың тарихына тікелей байланысты. Олардың өз заманынан озық туғандығы, алдағы кезеңдер болмысын тамыршыдай тап басып тани білгендігінде» деген сөзімен бастады.

Тәуелсіздік алған жылдары, ішкі және сыртқы саясаттағы қиын-қыстау заманда Елбасы тәуелсіз, дамыған, демократиялық мемлекет құрудағы жауапкершілікті өз мойнына алып, елдің экономикасын көтеріп, мемлекеттің тұтастығын сақтап, әлемдегі беделін арттырды.

Кездесу барысында «Нұрлы білім» ҚБ теологі А.Абдрашов өз тұжырымында: «Елбасының сындарлы саясатының нәтижесінде, біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша моделі жасалды.

Елімізде Конституцияда бекітілген діни сенім бостандығы мен дінаралық диалогты жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Қазақстан Республикасы – мәдениеттер мен діндер үндестігін жақсарту процесінің бастамашысы болды», – деп атап өтті.

Жиынға қатысушылар отырыстың соңында өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысқандарға Алғыс хаттар табысталды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button