Спорт

Сырғанақтағы сейіл-серуен

      Жақында Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионының мұз айдынында Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы облыс­тық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін сейіл-серуен ұйымдастырды.

     Қыс қызығын басынан кешірген балалар коньки теуіп, мәре-сәре болысты. Сонымен қатар, аталмыш шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, «№3 Автобус паркі» ЖШС атсалысты.

     Қаңтар айының алғашқы күндерінде қыстың суығын емес, қамқор жандардың жылылығын көрген балалардың қуанышында шек болмады. Тұңғыш рет аяғына коньки киген кейбір балалар үйінің тәрбиеленушілері мәнерлеп сырғанауды үйренді. Осы жерде сырғанақ тебудің қызығына батқан балаларға ыстық шәй мен тәттілер үлестірілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған серуен үшін балалар жүрекжарды алғыстарын жеткізді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button