Бас тақырыпОблыс әкімі

Суармалы алқаптар игерілуде

Облыста суармалы жерлерді игеруге және ұтымды пайдалануға баса көңіл бөлінуде. Бұқар жырау ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров бұл бағыттағы жұмыстардың аяқ алысымен танысты.

– Үкімет Қаныш Сәтбаев атындағы арнадан табиғатты қорғай отырып, су өткізуді жүзеге асыру жөніндегі ұсынысымызды қолдады. Қазіргі уақытта республика бюджеті Тұзды өзеніне жылына 10,5 млн. текше метр су өткізуді қаржыландырады. Енді, біздің міндетіміз – суару алаңын толық игеру. Оның үстіне, қазір суармалы жерлерді суарылмайтын жерлерге ауыстыру мүмкіндігін жою туралы шешім қабылдануда, – деді Серік Шайдаров Тұзды су қоймасынан суарылатын шаруашылықтар басшыларымен кездесу барысында. Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген суармалы жерлер мақсатқа сай пайдаланылуы тиіс. Облыс әкімінің орынбасары алдын ала келісілген кесте бойынша су беруге қатысты тапсырмалар берді.

Жұмыс сапары барысында Серік Шайдаров «Тұзды» шаруа қожалығының, «Дизель плюс» ЖШС-нің егіс алқабында болды. Дәнді дақылдардың және картоптың жағдайы жақсы. Биыл мол өнім күтілуде.

Облыста инфрақұрылым мен ирригациялық жүйелердің жоқтығынан, су көзімен байланысты жоғалтудың салдарынан шаруашылықтарға бекітілген суармалы жерлердің үштен бір бөлігі ғана мақсатты пайдаланылуда. Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз қаражатына суару жүйесін қалпына келтіріп, 1500 гектар суармалы егістікті айналымға енгізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button