Жаңалықтар

Студенттер арасында Қарағанды тарихы бойынша облыстық олимпиада өтті

Қарағанды гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 21 ақпанында Қарағанды облысы Білім басқармасының жоспарына сәйкес Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазыналы құт-берекем Қарағанды» атты өлке тарихына байланысты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың ашылуында Қарағанды гуманитарлық колледжі директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Исатаев Дархан Қосарұлы, Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Алимбаева Айнур Сейтжановна, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Жусупов Даурен Сеитович, Облыстық әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігінің төрайымы Бузаева Татьяна Тимофеевна «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Қазыналы құт-берекем – Қарағанды» атты облыстық олимпиада қатысушыларына ақжол тілеп, өлке тарихы туралы жалпылама ақпарат берді.

Аталған іс-шараға 60 – тан астам студент қатысты. Олимпиада бағдарламаға сәйкес 2 кезеңнен тұрды. 1-ші кезеңде тест тапсырылса, 2-ші кезеңге өткен студенттер 5 сұрақтан тұратын жазбаша тапсырмаларды орындады.

Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға төменде көрсетілген студенттер ие болды.

Қазақ тілі бойынша:

    • Жұлдызова Асылжан Дулатқызы – Қарағанды медициналық техникалық колледжі (І орын);

    • Жайсамбек Әмірхан Әлиханұлы – «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК (ІІ орын);

    • Карибаева Гульназ – Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі (ІІ орын);

    • Мауратқызы Жансая – Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі (ІІІ орын);

    • Есенбекова Диляра Бауыржанқызы – Шет тілдер колледжі (ІІІ орын).

Орыс тілі бойынша:

    • Сыздыков Абай Сагидуллаевич – Карагандинский технико-строительный колледж (І орын);

    • Антонов Савелий Сергеевич – Жезқазған гуманитарлық колледжі (ІІ орын);

    • Салкаев Руслан Аиткенович – Темиртауский технический колледж (ІІ орын);

    • Кириченко Виктория Васильевна – КГУ «Карагандинский колледж питания и сервиса» (ІІІ орын);

    • Резниченко Анна Юрьевна – ЧУ «Карагандинский коммерческий колледж» (ІІІ орын).

Қорыта айтқанда, олимпиаданың мақсаты – өлкеміздің ел есінде сақталған біртуар перзенттері және көшпелі өркениетке ортақ болған қасиетті жерлерін, тарихи ескерткіштері мен мәдени нысандарын білім алушы жастарымызға игерте отырып, «Кіші Отанға», «Туған жерге» деген сүйіспеншілігін арттыру.

К.З.ЖАМАНБАЕВА

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ,

«ҚАРАҒАНДЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

Басқа материалдар

Back to top button