Қарағанды

Ұстазға мың алғыс

    Қалалық №88 мектепте даярлық сынып оқушыларына сабақ беріп, білім ошағында педагог әрі тәрбиеші болып жұмыс істейтін Зәуре Жақыпқызы менің балама екінші жыл қатарынан сабақ береді. Басында баламды бірінші сыныпқа әлі жас деп бергім келмеген. Алайда, дайындық сабақтарында педагогтың оқушылармен қарым-қатынасының ерекше екендігін байқап, баламды сеніп тапсырдым. Қазіргі таңда, оқушылардан бөлек, ата-аналармен қарым-қатынас орнатқан Зәуре Жақыпқызы – өнегелі, байқампаз әрі жан-жақты педагог. Балаларға деген ыстық ықыласының арқасында, кей сәттерде орын алатын келеңсіз жағдайларда дұрыс шешім қабылдай біледі. Балаларымызды ғылымға баулып қоймай, өмірде орын алатын әртүрлі оқиғаларға сәйкесінше жауап беруге тәрбиелеуде. Ол сабақ уақытында оқушылардан жауапкершілікті талап ете біледі, сондай-ақ түсіністік таныта алады. Осы ретте педагогтың өзінің мамандығына деген сүйіспеншілігін атап өткіміз келеді. Жұмысын жауапкершілікпен атқарып, педагогикалық тәлімгерлік жолында қабілеті жоғары, зияткер оқушы тәрбиелеп шығаруға асық болып жүреді. Жұмысына да жауапты әдіскер. Зәуре Жақыпқызы секілді үлгі боларлық біліктілігі жоғары ұстаздар көп болса, баламыздың болашағына алаңдамаймыз.

Гүлназ ҚАСЫМБЕКОВА,

88 мектеп даярлық

сыныбының ата-анасы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button