Жаңалықтар

«Соңғы ауылдың соңғы аялдамасы жоқ»

 («Орталық Қазақстан», 12.12.2016 жыл)

      «Орталық Қазақстан» газетінің 12.12.2016 ж. №196 (23 301) санында жарияланған «Шахтерский» ықшам ауданы тұрғындарынан келіп түскен «Соңғы ауылдың соңғы аялдамасы жоқ» мақаласын қарастырып, келесіні хабарлаймын.

     «Шахтерский – 3 емхана» №8 қа­лалық бағытына жалпы кесте саны 1 дана (автобус) «№3 автобус паркі» ЖШС қызмет көрсетеді.

     Аталған бағыттың жылжу кестесін Шахтерский ықшам ауданында орна­ласқан №14, 114, 115, 120 үйле­ріне дейін ұзарту мүмкін емес, себебі, аталған жол учаскесі қоғамдық көлік­тің қозғалысына қауіпсіз емес.

     «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 – ІІІ Қазақстан Республикасы заңының 10 б., 12., 1 т. сәйкес, Сіз шағым бойынша қабылданған шешім бойынша жоғары мемлекеттік органға немесе жоғары лауазымды тұлғаға не сотқа жүгінуге құқылысыз.

Ш.ЖУСУПОВА,

Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button