Білім ошақтарында

Әскерге тіркеу куәлігі берілді

Қарағандыдағы №66 мектеп-лицейінде Отан қорғаушылар мерекесі, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат» атты шара өтті. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Ерболат МҰХАММЕДКӘРІМНІҢ ұйымдастыруымен өткен жиынға жауынгер-интернационалист Қайрат ТЫНЫМБАЕВ қатысып, болашақ Отан қорғаушыларға тіркеу куәлік табыстады.

Аталмыш шара карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді. – Ер адамның басты мақсаты

– Отанын, отбасын қорғау. Тіркеу куәлігін алып, ересек өмірге қадам бастыңыздар. Болашақта әскери Білім ошақтарында адам болып, Отан алдында абыройлы қызмет етуге тілектеспін, – деді Қайрат Иранұлы.

Айта кетейік, 2012 жылдың 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жыл сайын жергілікті әскери басқару органдарында қаңтардан наурыз айына дейін азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізіледі. Тіркеу барысында әскер қатарына шақырылғандардың денсаулығын, әскери қызметке жарамдылығын тексереді.

– Пән мұғалімі Ерболат Қымбатұлынан алған тәлімтәрбиеміз мол. Сол кісінің бағыт-бағдарының арқасында, әскери қызметке деген қызығушылығым артты. Келешекте ел қорғайтын әскери адам болғым келеді. Әрі бұл шараның қос мереке қарсаңында өткізілгені де тегін емес деп ойлаймын, – деді 10 сынып оқушысы Нұрлы Нұрғалиев.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button