АймақЖаңалықтар
Әшімов көшесі уақытша жабылады
«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС қарағандылықтарға қалада Б.Әшімов көшесіндегі жолдың бір бөлігі жабылатынын ескертті.

Гидравликалық сынақтардың нәтижесінде Б. Әшімов көшесін мен Республика даңғылы жол учаскесінде диаметрі 1000 мм жылу желісінде ақау пайда болды. Ақауды жөндеу 24 мамырда басталмақ. Осыған орай, 24 мамыр сағат 9.00-ден Б.Әшімов көшесіндегі жолдың бір бөлігі жабылады. Жұмысты 28 мамыр күні сағат 17:00-ге дейін аяқтау жоспарланған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.