Жаңалықтар

Шетелдік меймандар лебізі

«Австрия соңғы бірнеше онжылдық ішінде баламалы энергетиканы дамытуға белсенді тырысып келеді. Осылайша, Австрияның жал­пы энергиясының 1/3 бөлігі мен электр тоғының 2/3 бөлігі жаң­ғыртылатын энергия көздеріне тие­сілі.

Сонымен қатар, Вена – инфра­құрылымнан бастап – энергетикаға дейінгі қалалық дамуының бар­лық аспектілері кіретін ең озық smart-шешімдері іске асырылған әлемнің ең «ақылды» қалаларының ондығына кіреді.

Астанаға Австрияның ең басты сарапшылары мен технологтары Қазақстандағы көптеген бастамалар туралы білуге және сарапшылармен бірлесіп жаңа шешімдерді іздеп табуға келеді».

Рудольф РУЖИЧКА,

«ЭКСПО – 2017»  Халықаралық көрмесіндегі  Австрия Республикасының

Вице-комиссары.

 

♦ ♦ ♦

«Сіздермен кездескеніме өте қуаныш­тымын. Бұл – менің Қазақ­стан Республикасына алғашқы сапарым емес.

Мен Нұрсұлтан Әбішұлымен жеке таныспын. Ол – Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосқан Ұлы Президент.

Көрме – Мемлекет басшысының еңбегінің жемісі және қоршаған ортаға ерекше қамқорлығының белгісі. Оны қорғауының дәлелі, себебі, Көрме тақырыбы – «Болашақ Энргиясы»

Мен көптеген елдерде болдым. Бірақ, Қазақстанды ең адал тыңдармандарым үшін ерекше бағалаймын».

Роберто ЛОРЕТИ,

танымал итальяндық әнші.

 

♦ ♦ ♦

 

«Біздің компаниямыз бұл жерде инновациялық жобаны таныстыруда. Біз ағынды суды қайта қолданумен айналысамыз. Мен Қазақстанға, Астанаға бірінші рет келдім. «ЭКСПО – 2017» көрмесінің аумағы маған өте ұнады. Осындағы басқа компаниялардан көп нәрсе үйрендім, түрлі презентациялар көрдім.

Мен Қазақстанның павильонын көрдім,  ұнады. Экспозиция өте үлкен екен.

Маған Германияның павильоны да ерекше әсер қалдырды. Онда көптеген технологиялар ұсыныл­ған».

Пал КИШКЕ,

венгриялық «THERMОWATT» компаниясының басқарушы

директоры.

 

♦ ♦ ♦

 

«Бұл «ЭКСПО» – керемет! Ол Қазақстанды өзгертеді. Маған ұнағанын жасырмаймын бұдан бұрын Миландағы «ЭКСПО» көрмесіне қатысқанмын. Қазақстан «ЭКСПО-ға» әзірлік барысында өте ауқымды және жақсы жұмыстар жүргізді.

Менің ойымша, бұл көрме елге табыс әкеледі. Италия павильонының құрылысы басталған кезде келген едім. Астанада тұрып жатқаныма бір жылдан астам уақыт болды.

Сондай-ақ, БАӘ, Монако және Сауд Арабиясының павильондары да көрнекі көрінеді».

 

Микеле САЛЬГАРЕЛЛО,

Италия павильонының өкілі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button