АймақҚарқаралы

Шалғай ауылда сабын шығады

Бүгінде ауыл жастары жаңа кәсіпті меңгеруге бейім. Әсіресе отандық өндірісті дамытып, қазақстандық брендті жасауға білек сыбана кірісуде. Солардың бірі – Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылының тұрғындары Думан Қожекин мен Мейірлан Рысбайұлы. Кәсібі – сабын шығару.

Сурет:автордан

Ауыл азаматтары, әлеуметтік желідегі «Бизнес түрлерін үйретемін» деген хабарлама бойынша Алматыға барып, танымал тұлғаның сабағына қатысады. Сол жерде көп шығынды қажет етпейтін, пайдалы кәсіп түрі сабын өндіру ісін үйреніп шығады. Кәсіптің қыр-сырын әбден меңгерген қос азамат, арнайы аппарат сатып алып, ауылға келіп жұмыс бастап жіберді.

– Ауылда мал шаруашылығымен айналысып жүрген азаматтармыз. Ютуб желісінен бейнероликті көргеннен кейін «Неге кәсіп үйренбеске?» деген ой келді. Алматыда өткен оқуға жазылып, барып қатыстық. Сол жақтан аппарат сатып ала келдік. Бұл кәсіпті таңдауымыздың өзіндік себебі де бар. Сабын жасауға қосылатын шикізатты алыстан іздеп әуре болмаймыз. Бәрі ауылдан табылады. Негізгі қоспа ірі қара мен қойдың іш майы. Қалғандары құпия. Дәл осы бизнесте бәрін жария қылуға болмайды. Себебі, біз жасалу жолын сатып алып отырмыз. Алғашқы өнім ойдағыдай шықты. 50 келі қоспадан 150 грамдық 170 дана кір сабын шығардық, – дейді Думан Қожекин.

– Экологиялық таза, табиғи өнімге деген сұраныс бар. Қарқаралы қаласы, Көктас ауылы тұрғындарынан тапсырыс берген тұтынушылар қарасы мол екен. Алдағы уақытта, хош иістендіргіштерді пайдалана отырып, өнімді түрлендіруді жоспарлап отырмыз, – дейді жас кәсіпкерлер.

Сағыныш ӘБІЛ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Бір пікір

  1. Отандық кәсіпкерлерді қолдау есебінде мақалның ішіне кәсіпкердің байланыс нөмірлерін жазып кетпейсіздер ма. Қазір отандық кірсабын таппай отырмын, 100 шт сатып алайын десем.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button