Шахтинск аймағындағы дезинсекция және дератизация
Жыл сайын Шахтинск аймағы аумағындағы анофелогендік су қоймаларына, қала көшелерінің бойындағы алаңдарға жүргізілетін химиялық өңдеулерден тұратын профилактикалық дезинсекциялық шаралар жүргізілетіні туралы Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлайды.
Паспортизациясы бар (безгек масалары көбейетін) барлық анофелогендік су қоймаларында, яғни елдімекендердің аумағында орналасқан қараусыз жатқан су қоймалары мен таяз суларда безгек масаларының бас көтеруінің қауіпі 1-ші дәрежелі болғандықтан, сонымен қатар олардан 3-9 километр радиуста кестеге сәйкес личинкаларды жою бойынша іс-шаралар жүргізіледі. 2024 жылы Шахтинск қаласы аумағында дезинсекциямен «Astana Dragons» ЖШС жұмыс жасайды: 1 тур – 2024 жылдың 15 сәуірінен бастап 20 сәуіріне дейін, 2 тур – 2024 жылдың 15 мамырынан бастап 20 мамырына дейін, 3 тур – 2024 жылдың 15 маусымынан бастап 20 маусымына дейін, 4 тур – 2024 жылдың 15 шілдесінен бастап 20 шілдесіне дейін жүргізілді; 5 тур – 2024 жылдың 15 тамызынан бастап 20 тамызына дейін өткізу жоспарланған.
Соңғы жылдар ішінде Шахтинск қаласы аумағында эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлықтай, жұқпаның жергілікті берілуі жағдайлары тіркелген жоқ.
Безгек, масаның тістеуі арқылы берілетін ең қауіпті тропикалық аурулардың бірі болып табылады. Жыл сайын ең аз дегенде бір миллонға жуық адамның өліміне себеп болады және бұған қоса, 300-ден 500 миллионға дейін жаңа клиникалық жағдайлары пайда болады, олардың көбісі өте кедей елдерде тіркеледі. Жоғары қауіп тобына балалар, жүкті әйелдер, саяхатшылар, қашқындар, эндемиялық аумаққа келген адамдар мен жұмысшылар кіреді.
«Astana Dragons» ЖШС-і дезинсекцияны және дератизацияны жүргізу кезінде ҚР мен Евразиялық экономикалық одақ аумақтарында қолдануға рұқсат етілген құралдарды қолданады.
Сұр егеуқұйрықтар мен тышқандардың экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін, олардың жыл бойы көптеп көбеюін ескере отырсақ, күзгі-қысқы мезгілдерде кеміргіштердің балалаулары мен көшуі есебінен нешетүрлі объектілер мен көпқабатты, жеке сектор үйлерде сұр егеуқұйрықтар мен тышқандардың саны үнемі көбейеді.
Осыған байланысты, сұр егеуқұйрықтар мен тышқандар аса қауіпті инфекциялардың табиғи тасушылары болғандықтан, халықтың эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында дератизациялық шаралар жүргізіледі. Осындай шаралардың үнемі жүйелі өткізілуі сұр егеуқұйрықтар мен тышқандардың Шахтинск қаласы аумағында көбеюі мен таралуын тежеу үшін қажет.
Сұр егеуқұйрықтар жыл бойы 2 рет көбейетіндіктен, көктемде (сәуір) және күзде (қыркүйек) жүкті егеуқұйрықтардың саны едәуір артады, дератизациялық жұмыстар 3 турда жүргізіледі: 1 тур – 2024 жылдың 01 сәуірінен бастап 15 сәуіріне дейін, 2 тур – 2024 жылдың 01 маусымынан бастап 15 маусымына дейін, 3 тур – 2024 эжылдың 01 қыркүйегінен бастап 15 қыркүйегіне дейін.
Г.ЖУМАГУЛОВА,
Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының м.а.