Жаңалықтар

«Шахтердің» кезекті жеңісі

      Жексенбі күні Қостанайға барған «Шахтер» жергілікті «Тобылды» 1:2 есебімен ұтты.

ХVII тур шеңберінде өткен матчта алғашқы голды «тобылдық» Григорий Сартаков салды. 27-ші минутта мергендігімен көзге түсті. 1:0.

Ал, 33-ші минутта «шахтерлік» Милан Стоянович таблодағы көрсеткішті теңестірді. 1:1.

Матчтың негізгі уақытының тәмамдалуына он минут қалғанда (80-ші минут) Марат Шахметов қарағандылық клубқа жеңіс сыйлады. 1:2.

Сөйтіп, «Тобыл» 25 ұпаймен 5-ші сатыға тұрақтады. «Шахтер» 15 ұпаймен 9-шы сатыға көтерілді. Тур санап жағдайы жақсарып келе жатқан жерлестерімізге алдағы ойындарда да сәттілік серік болғай.

Келесі қарсылас – «Ақтөбе». Ойын 1 шілдеге жоспарланған.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button