Жаңалықтар

“Шахтерде” – жаңа қақпашы

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы өткен жылдың маусымаралық кезеңінде «Жылдың үздік ойыншысы» атанған қақпашы – Игорь Шацкимен келісім-шартты тоқтатты. Енді, командада – жаңа қақпашы. Бұл жайлы «Шахтер» ФК атқарушы директоры Ерлан ОРАЗАЕВ өзінің instagram парақшасында жариялады. Ресейлік Давид ЮРЧЕНКО қарағандылық команданың қақпашысы ретінде ойынға қатысатын болды.

Қарағандылық команданың жаңа қақпашысы Давид 1986 жылы 27 наурызда туған. Бойы – 187 см, салмағы – 78 кг.
Ол өз Отанында «Титан», «Крылья Советов», «Волгарь», «Мордовия», «Уфа», «Анжи», «Тосно» сияқты командаларда шыңдалды.
Сондай-ақ, латвиялық «Металлург» және Минскідегі белорусиялық «Динамо» командасында өнер көрсетті.
Давид Юрченко бүгінгі күнге дейін «Енисей» футбол клубында болды.
Қазіргі уақытта «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, құрам жасақтауда. Сол жиын аясында Кеншілер қаласының командасы 20 қаңтар күні Румыния чемпионаты көшбасшыларының бірі «Астраға» қарсы ойын өткізіп, 1:0 есебімен ұтылды. Ал, 23 қаңтарда қарағандылықтар сербиялық «Вождовац» командасымен (1:1) тең түсті. Қорытынды кездесуде әзірбайжандық «Сумгаит» клубына 2:4 есебімен жол берді. Шахтерлік Жан-Али Пайруз және Шкодра Доньет қарсылас командаға гол соқты
Сондай-ақ, клуб – қара нәсілді қақпашылар Гидеон Баа (өткен маусымда «Хонка» фин клубында ойнаған) және Абдел Ламанжамен (қызылордалық «Қайсар» клубында ойнаған) келісім-шартқа қол қойғаны белгілі болды.

Қасымхан ҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Back to top button