Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
«Шахтер» елордалық «Астана Ж» командасын 4:0 есебімен жеңді
Қазақстан Бірінші лигасының 19-турында қарағандылық «Шахтер» елордалық «Астана Ж» командасын 4:0 есебімен жеңді.

Кездесудің алғашқы бөлігінде Диас Қалыбаев пен Артем Литош мергендігімен көзге түсіп, «Шахтер» үзіліске 2:0 есебімен шықты. Екінші таймда Қалыбаев тағы бір гол соғып, дубль жасады. Ал 75-минутта Андрей Ульшин пенальтиді дәл орындап, есепті 4:0-ге жеткізді.

Кездесу соңына дейін «Шахтер» ойын тізгінін бермей, сенімді жеңіске жетті. Қақпашы әрі команда капитаны Игорь Шацкий де қауіпті сәттерде сенімді ойнап, қарсыласқа гол соғуға мүмкіндік бермеді.
Осылайша, қарағандылық клуб қатарынан 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, Бірінші лиганың турнирлік кестесінде көш бастап келеді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



