Жаңалықтар

Қарағанды жастарына жаңа мүмкіндіктер

Қарағанды облысында жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары табысталды. Мемлекеттік қолдау бизнес, волонтерлік, мәдениет, ғылым және технология салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Суреттер облыс әкімдігінен

Грант иегерлерінің бірі Әйгерім Аймақова «Туған өлкені жаяу аралайық» жобасы арқылы өңірдегі жаяу туризмді дамытуды және тарихи-мәдени орындарды насихаттауды көздейді. Жоба аясында табиғи және тарихи нысандарға экскурсиялар ұйымдастырылмақ.

Балқаш тұрғыны Данагүл Кәрібайқызы «Қимылда!» жобасын ұсынды. Ол балаларға арналған әлеуметтік волонтерлік денсаулық клубын ашып, оларды белсенді өмір салтына тартуды жоспарлап отыр.

Ал Абай ауданындағы Агрогородок кентінің тұрғыны Баяман Төлегенов грантты отбасылық сүт шаруашылығын кеңейтуге жұмсамақ. Кәсіпкер өндіріс көлемін арттырып, болашақта мал басын 200–300 басқа жеткізуді жоспарлайды. Сонымен қатар отбасы мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасыларға ай сайын шамамен 30 литр сүтті тегін таратады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button