«Шахтер» «Ақтөбеден» айласын асыра алмады
Футболдан ел чемпионатының ХІІ турында қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда «Ақтөбе» клубымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіліп қалды.
Алаң иелері қарағандылықтарға мүмкіндік қалдырмады. 6-шы минутта Арман Кеңесов есеп ашты. 71-ші минутта Лука Гадрани есепті еселеді. Осылайш, қарағандылықтар чемпионат аясындағы алты кездесуде жеңіліп, турнир кестесінің Х орынына табан тіреді.
– Ең алдымен ақтөбелік жанкүйерлерге керемет атмосфера үшін алғыс айтқым келеді. Лық толы стадионда ойнау – екі команда үшін керемет аура. Жанкүйерлер әр ойында сүйікті командаларын осылай қолдаса ғой.
Бірінші тайм біз үшін сәтті болмады. Жоспар толық орындалмады. Үзілісте ойынға біраз өзгеріс енгізіп, ойынды теңестіруге мүмкіндік жасадық. Алайда, тағы бір гол жіберіп алдық. Екі голдан кейін ойынға оралу қиын болды. Алдағы матчтарға көбірек дайындалып, одан әрі жұмыс істеу керек, – деді «Шахтер» ФК бас бапкері Игорь Солошенко.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz