АймақБас тақырыпСпорт

Андрей Ульшиннің голы «Шахтерге» кезекті жеңіс сыйлады

Қарағандылық «Шахтер» өз алаңында ақтаулық «Каспий» жастарын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша жерлестер турнир кестесінде басты қарсыласы алматылық «Қайрат» жастар клубынан төрт ұпайға алға шықты.

Суреттер клубтың парақшасынан

Қос команда арасындағы ойын тартысты өтті. Бұған дейін бірінші айналымда қарсыластарынан ұпай жоғалтқан болатын. Осы жолы өз алаңында бір гол айырмашылығымен жеңіп, турнир кестесіндегі орнын нықтап алды.

Гол авторы – Андрей Ульшин. Жартыдай қорғаушы ойынның 84-ші минутында кезекті шабуыл барысында алыстан соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, жерлестер 10 ойын қатарынан жеңілмей, турнир кестесінде көш бастап тұр.

Қазіргі уақытта «Шахтердің» еншісірде – 46 ұпай. Одан кейінгі сатыда 42 ұпаймен алматылық «Қайрат» жастары. Ал, үздік үштікті 34 ұпаймен «Тұран» клубы түйіндеген.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button