Шағын мүсіндер – шаһар шырайы

    Қарағанды көшелерінде осы жазда бірнеше шағын сәулет құрылыстары бой көтереді. 28 тамызға дейін 16 мүсін орнату жоспарланған.

Олардың біреуі Ерубаев және Әлиханов көшелерінің қиылысындағы Балалар және жасөспірімдер сарайының алдындағы алаңда орнатылды. 8 метрлік туынды «Сарыарқа» деп аталады.

Жақын арада осы секілді сәулет өнерінің туындылары Төлепов, Бөкетов көшелерінің бойында, «Норма» сауда үйінің алдында, Құрылысшылар даңғылы мен Мұқанов көшесінің қиылысында, Мамыраев атындағы шағын ауданда және Магнитогорская көшесіндегі №95 мектептің аумағында пайда болады.

Барлық мүсіндер бетоннан құйылатын болады, – деді Қарағанды Суретшілер одағының төрағасы Айдар Қалмаханов. – Кейбірі қола бояумен, ал, кейбір мүсіндер түрлі-түсті бояулармен боялады.

Сонымен қатар, кейбір жерлерде бүтін мүсіндік ансамбльдер орнатылады деген жоспар бар. Мысалы, Төлепов көшесінде тас үстінде демалып отырған ұл балаларды суреттейтін үш сәулет құрылысы қойылады. Бетоннан жасалған ұлттық аспаптар Құрылысшылар даңғылы мен Мұқанов көшесінің қиылысында орналастырылады.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.