Басты тақырып

Серіктестік серпін береді

«ЭКСПО-2017» Халық­аралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тарту мақсатында «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы осы жылдың 4-11 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық турлар өткізді.

Әлемнің түпкір-түпкірінен 100-ге жуық тур оператор Қазақстанға келді. Іс-шараға Ресей, Қытай, Еуропа, Азия, ТМД елдерінен «Росс Тур», «CITS» «Alessandro Rosso Group», «Monaco Ukraine Group» және басқа да туроператорлар қатысты. Ақпараттық турлар 5 бағыт бойынша (ұлттық парктер мен тарихи-мәдени орындар, космодром) ұйымдастырылды.

Мақсат – «ЭКСПО – 2017» серіктестерін, яғни, шетелдік туроператорларды мемлекетіміздің көрікті жерлерімен таныстыру. Олар еліміздің батыс өңірі, Ұлы Жібек жолы, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларын аралап қайтты. «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына арналып жасалған 73 туристік маршрут бойынша қарастырылған жерлерде болды. Сонымен қатар, өңірлердің «Жол картасы» мен визит картасы әзірленді.

Нәтижесінде, «ЭКПО – 2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алуға ниетті 5 тур компаниямен келісім-шартқа қол қойылды.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button