Сенімді ақтайық

Кез келген қоғамды дамытушы күш бұл — адам. Сол қоғамның мәні және мазмұнының көрінісі бұл –адам және оның өмірімен тығыз байланыста. Ғұмырлы өмірдің тірегі – ол денсулық. Демек, қазіргі әлемде болып жатқан «жағымсыз оқиғаның» алдын алу дегеніміз осы өмірімізді, еліміздің дамуын, ұрпақтар сабақтастығының кепілі ретінде сақтануымыздың қажеттілігі. Соған қарағанда қазіргі жағдай біздерден ұйымшылдығымыздың мықтылығын, тұтастықта болушылығымызды және бірлік қадір-қасиетінің мызғымастығын талап етеді. Әр адамның тағдыры өз қолында. Осыған орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы орынды болмақ. Ұлы Дала рухы – еліміздің береке-бірлігі, игілігі мен ырзығы, бейбіт өмір мен тұрақтылығы, бақыты мен дәулеті, достығы мен бауырмалдылығының болашақ бағдарының арқауы болған және бола да бермек. Жалпыұлттық игіліктің биік гуманистік мұраттарынан өз бастауын алған ұрпақтар жалғастығы, қоғам бірлігі солардың арқасында өзіндік мән-мазмұнды иеленді.
Елбасының «…халқымыздың әрдайым үлкенге – құрмет көрсетіп, кішіге – қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеді» деген сенімін ақтайық, ағайын-бауырлар.

Әсел САҒАТОВА,
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
«Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі.