Осакаров

Сенатордың сапары

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров жұмыс сапарымен Осакаров ауданында болды. Жергілікті халықпен кездесіп, аудан орталығында құрылыс нысандарын аралап көрді. Түйткілге айналған тасжол мәселесін де тасада қалдырмады.

Сенатор ең әуелі «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй кешеніне және «Нұрай» балабақшасына барды. Екі қабаттан, он сегіз пәтерден тұратын төрт нысаның құрылысын «Сектор Строй» ЖШС жүргізуде. Компания басшылығы депутатқа атқарылып жатқан жұмыстың жай-күйін баяндап, құрылыстың межелі уақытында, яғни, осы жылдың қараша айында аяқталатынын жеткізді.

Осыдан соң Рысқали Әбдікеров аудан тұрғындарымен кездесіп, заң шығару мәселесі төңірегіндегі сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, ішкі істер органдарында болатын өзгерістер туралы да түсіндіріп өтті.

Тұрғындарды толғандырған мәселе – жолдың жайы. Сенатордың айтуынша, қазір «Қарағанды – Павлодар» республикалық тасжолын жөндеу мәселесі көтерілуде. Бұл ретте, Осакаров ауданының әкімі Нұркен Қобжанов 2019 жылы «Осакаров – Молодежный» облыстық маңызы бар тасжолын жөндеу жұмыстары басталатындығын хабарлады.

Кездесу соңында Нұркен Қобжанов Сенат депутаты Рысқали Әбдікеровке аудандағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысып жүргені үшін алғыс айтты.

– Біздің ауданның тұрмыстіршілігіне қамқорлығыңыз үшін рахмет. Бұл ауданға сіздің көп еңбегіңіз сіңгенін барлық тұрғындар біледі. Ауданымызда болып жатқан көптеген жақсы өзгерістерді көріп көңіліңіз толғанын байқадым. Алдағы уақытта ауданымыздағы басқа да мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс атқаратынымызға сенімдімін, – деді Нұркен Қобжанов.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button