Қарағанды

Саябақтағы кітапхана

    Қарағандыдағы «Мәңгілік алау» мемориалы маңындағы саябақта жазғы оқу залы ашылды. Яғни, саябақтағы сәкілерге кітаптар қойылып, тұрғындардың таңдауына ұсынылды.

Шараны облыстық Н.Гоголь ат­ындағы кітапхана төртінші жыл өткізіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл санап акцияға қатысушылар саны артып келеді.

Биыл қазақ және орыс тілдеріндегі көркем және ғылыми әдебиет, тарихи және мерзімді баспа өнімдері қойылды.

Саябақта қойылған кез келген кі­тапты оқырман билетінсіз алып, оқу­ға болады. Тек, кітапханашы отыр­ған шатырға барып, өзіңізге ұнаған кітапты тізімге жазсаңыз болғаны. Ол кітапты өзіңізге ыңғайлы уақытта қайтаруға немесе қайтармауға да рұқсат етіледі. Сонымен бірге бұл жерге өзіңіздің кітаптарыңызды алып келуге болады.

Акция жаз бойы жалғасады. Әр сейсенбі және бейсенбі күндері 11:00-ден 16:00-ге дейін мемориал ма­ңына келсеңіз болды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Back to top button