АймақБас тақырып
Саяқ кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Қарағанды облысының Саяқ кентінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті жұмысын бастады. Енді шамамен 2300 тұрғын өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етіледі.

Қызмет атқару үшін барлық қажетті жағдай жасалған: бекет өрт сөндіру техникасымен, заманауи байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жабдықтармен және жауынгерлік киіммен жабдықталған.

Бұл өрт сөндірушілерге оқиға орнына жедел жетуге, өрт ошақтары мен басқа да төтенше жағдайларға шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы ауылдық жерлердегі өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.



