Жаңалықтар

Сауда көлемі ұлғайды

Қарағанды облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі ұлғайды.  2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында алдын ала деректер бойынша Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық Одағы елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 930 млн. АҚШ долларын құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылғы қаңтар- мамырға қарағанда 2 есе көп. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық Одақпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және ЕАЭО елдерiмен еркiн сауда аймағын құруға мүдделiлiк істер атқарылуда. Осы орайда, өндірісті өңірдің қосып отырған үлесі жоғары. Өзара сауда көлемінде экспорт 586,6 млн. АҚШ долларын құраған. Мәселен ағымдағы бағалармен 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4 есеге ұлғайған. Импорт – 343,4 млн. АҚШ доллары 1,4 есеге көп көрінеді.

«Экспорт құрылымында айтарлықтай үлесті – 67,3% тегіс илек құрады. Тас көмір, шымтезек, шекемтас және тас көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлері – 12,5%-ды, мырыш кендерi мен қойыртпалары 4,1%-ды құрады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен облысқа кең ауқымды тауарлар тасымалдануда. Әкелінген тауарлар көлемі – 6 %. Түсті металдардан жасалған бұйымдар –5 % құраған. Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар – 4,7-8%.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button