Теміртау

«Сарыарқаның киелі жерлері»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында сейсенбіде ашылған көрме осылай аталады. Сарыарқадағы киелі жерлер жөнінде сыр шертетін көрме 25-сәуірге дейін жұмыс істейді.

Танымдық сипаттағы ұсынар жәдігері мол көрме Қарағанды мемлекеттік мәдени мұраны қорғау инспекциясымен және облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп ұйымдастырылған. Көрермендерге халқымыздың рухани өмірі мен тыныс-тіршілігінен сыр шертетін маңызды тарихи оқиғалар туралы баяндайтын жәдігерлер облыста ішкі туризмді дамытуға мол мүмкіндіктің бар екенін көрсетеді. Көрмеде Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құрайтын нысандардың суреттері ұсынылған. Бұл жерде облыстық тарихи-өлкетану музейі ұсынған бірегей жәдігерлердің алар орны ерекше екенін айта кеткен артық емес.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Киелі география») жобасын жүзеге асыру алға міндет етіп қойылды. Қазір «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» Қарағанды облысынан 64 киелі нысан енгізілген. Олар туралы көрмені тамашалаушылардың толық мағлұмат алуына мол мүмкіндігі бар.

Әлібек ӘБДІРАШ.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button