Санама сәуле түскен күн

   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық құндылықтарымызды, ұрпақтар сабақтастығы мәселесін алға тартты. Елдікке ерекше мән берді.

 

Қазақстан Тәуелсіздігін алған күннен бастап  әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсті. Араға сан жылдар салып, рухани жаңғыруға қадам бастық. Әлемнің ауқатты елдерімен тереземізді теңестіру үшін қадам бастық. Жай емес, қуатты қадам!

Елдегі қалалардың ғана дамуын алға тартпай, ауыл-ауыл ауылдың гүлденуіне жіті назар аудардық.

Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің беттерінен оқып-біліп отырғанымыздай, Қарағанды облысында да өңірдің қасиетті жерлерін, ата-бабамыздың киелі өңірлерін танып-біліп, насихаттауға кең жол ашылды.

Өткен айда әкеміз – биология ғылымдарының докторы, профессор, Вена университетінің Құрметті профессоры Нұркен Мырзаханұлы, әжеміз – Шәкібас Әбубәкірқызының қолдау көрсетуімен, Ұлы Отан соғысының ардагері, ІІ және ІІІ дәрежелі «Даңқ» және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері, саналы ғұмырын еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арнаған Мырзахан Әбдірахманұлының аруағына арнап ас бердік, құран бағыштадық.

«Адал дүние, адал асық табылса, Кедейге үлес, жұрттан бөліс барынша» деген қағидат (Ж.Баласағұн) өмірдің ақиқатына бір сәтке болсын көзімізді жеткізді.

Асқа қатысқан ағайынға алғыс айтудың жөні бір бөлек, асқар таудай аласармас үлкен әкеміздің болмысы бізге қанат бітіреді. Ертеңге деген сенімімізді нығайтты!

Маржан МЫРЗАХАНТЕГІ,

PhD дәрежесінің медицина маманы,

профессор.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.