АймақПриозерск

Салықтық сауаттылық түбіртектен басталады

Приозерск қаласында 1 ай бойы жиналған түбіртектерге ұтыс ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды. «Түбіртекті талап ет, патриот бол!» шарасының қорытындысында екі тұрғын жүлделі болды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан акция, ең алдымен, көлеңкелі экономиканың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, халықтың салықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыруды көздейді.

Сурет автордан

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ереже бойынша тұрғындар қаладағы сауда орындарында қандай да бір тауар сатып алу кезінде түбіртекті талап етуі шарт. Бұл жолы бір ай ішінде ең көп түбіртек жинап үлгерген Майра Айтжанова және ең көп сомасы бар түбіртегі бар Айтұрсын Дүйсенбай жеңімпаз атанды.

– Акция ережесі өте оңай. Кез келген дүкенде сатып алған тауар үшін түбіртек талап етесіз, кейін осы түбіртекті арнайы комиссияға ұсынасыз. Көбінде техника құрылғыларын сатып алғанда чек талап еткенмін. Аталмыш шара қарапайым халықтың салықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өтіп жатыр. Себебі, сатып алынған әрбір тауардың түбіртегі оның сапасына кепіл болып, саудагерлер жұмысына бақылау жүргізе алады, – дейді жеңімпаз Майра Айтжанова.

Айта кетейік, акцияға қала тұрғындарының қызығушылығы күн санап өсуде. Осыған орай сыйлықтардың құны да әр ұтыс сайын ұлғая түспекші.

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button