Басты тақырып

САЙЛАУШЫЛАР ҮШІН ЖАУАПТЫМЫЗ

Осыдан жарты жыл бұрын депутаттыққа өз үміткерлерін ұсынған «Нұр Отан» партиясы барлық Қазақстан үшін жауап беретін біртұтас саяси партия ретінде көрінді. Осы «Нұр Отан» партиясы қатарынан Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланғандықтан №5 Студент сайлау округі сайлаушылары алдында берген сайлау алды бағдарламамдағы баптарды орындауды, сайлаушылар аманатын жүзеге асыруды жауапкершілігім деп білемін.

5 Студент сайлау округінің Қарағандының ең бір үлкен және әлеуетті аудандарының бірі екендігін айта кеткім келеді, оның аумағында тұрғын үй массивімен қатар оқу және медициналық мекемелер орналасқан.

Менің бұл округпен таныстығым әлеуметтік нысандарды аралаумен басталды, осы округтегі студент жастармен, тұрғындармен кез­дестім. Тұрғындармен бетпе-бет сөйлесуімнің арқасында елді мазалап жүрген түйінді мәселелерді айқындадым және депутаттық жұмыс тәртібін қалыптастырдым.

Тұрғындарды мазалайтын жайт аз емес екен, олардың ішінде сайлаушыларымның азаматтық белсенді позициялары мені қуантты – олар ауланың сәулетінен бастап мектепке үштілділікті енгізу мәселелерін қозғады.

Менің қоғамдық қабылдау жайым Мұқанов көшесінің бірінші үйінде орналасқан. Кейінгі алты ай ішінде сол жерде әртүрлі жастағы және әртүрлі әлеуметтік санаттағы сайлаушыларымды қабылдадым. Сол алдыма келген адамдар өз басының жайынан гөрі ортақ мәселелерді көбірек көтерді. Оларды өз ауласының, үйінің, мектебінің жайы алаңдататынын байқадым, олар «Нұр Отан» партиясы жүргізіп отырған саясатқа сенетінін байқатты. Ең бастысы, кездесулер барысында, тұрғындардың менімен депутат ретінде – сайлаушылардың нақты көкейкесті мәселелерін шешуге ықпал ететін, сонымен бірге «НұрОтан» партиясының ағымдық жұмысымен таныстыратын, қолданыстағы заң актілерін түсіндіретін тұлға ретінде кездесуге ұмтылатынын аңғардым.

Менің мәліметтерім бойынша қоғамдық қабылдауға келген әрбір екінші сайлаушы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң клиникасында тегін заң кеңесін алған екен. Мұның өзі менің сайлаушыларыма заңдық мәселелер бойынша толыққанды түсініктер алуға, құжаттарды сауатты тіркеуге, ресми органдарға шығудың алгортимін анықтауға мүмкіндік берді.

Білім беру және әлеуметтік салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзімнің депутаттық позициямды аңдату үшін облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жарияланып тұрдым. Сайлаушылармен мұндай әдіспен араласуым елімізде жүріп жатқан реформаларды жан-жақты түсіндіруге мүмкіндік береді. «Мәңгілік Ел» паториоттық актісі, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» ұлттық жоспарын түсіндіру бойынша студент жастармен болатын кездесулер қызғылықты, мазмұнды өтеді. Округіміздің ата-аналары мен педагогтарының қатысуымен менің ректорлық бастамаммен ҚарМУ колледжінің жұмысын қайта жандандыру жә­не халық шаруашылығы саласына аса қажетті «Жылу электр станциясының жылуэнергетикалық қондырғылары», «Радиоэлектроника және байланыс», «Жүк айналымын және транспорттағы қозғалысты басқаруды ұйым­дастыру», «Туризм» сынды маман­дықтар қайта орнына кел­тірілді. Мұның өзі Қарағанды өңірінің экономикасын және еңбек рыногын дамытуға кеңінен жол ашатын болады. Мұның өзі депутаттық мүдденің кәсіби бастамашылықпен тоғысуының жарқын көрінісі болса керек. Бұл жайттар менің депутаттық міндетімді жүзеге асыруды жеделдете түспек, өйткені ҚарМУ-дің ректоры ретінде бәрі менің көз алдымда өтіп жатады және бәрі де менің округім шегінде орналасқан.

Өзімнің депутаттық қызметімде әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктермен ынтымақтастық орнатуға ерекше назар аударамын. Өткен жарты жыл ішінде депутаттық қызметімде қоғамдық қабылдауыма округтің тұрғын үй массивін жақсарту бойынша бірнеше сұрау салу түсті. Менің сұрау салуыммен Шахтерлер даңғылы, Карбышев және Мұқанов көшелерімен іргелес жатқан тұрғын үй массивінің жолын жөндеу жүзеге асты. Қалалық әкімдіктің қолдауымен бұрынғы істен шыққан екі жолды қайтып іске қосуға мүмкіндік туды. Келер уақытта да бұл жұмысымызды жалғастыра бермекпіз, Язев, Мұқанов, Карбышев көшелері бойындағы аулалардағы балалар және спорт алаңдарын қайтып жарақтау, шағынауданда әлеуметтік дүкен ашуды жоспарлап отырмыз.

Бұл іс-қимылымызды күрделі мәселелерді бірлесіп шешудің жарқын мысалы деп білем. Сондықтан да, қаламыздың барша тұрғынын ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының одан әрі гүлденуі үшін бірлесіп қимылдауға шақырамын. Тек бірлесіп жұмыс істегенде ғана партиямыздың алға қойып отырған өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіздік жылдарындағы игілігімізді сақтап қалуға, жаһандық толқынның соққысынан өзіміздің жас экономикамызды қорғап қалуға, болашаққа жол салуға, реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз.

Еркін Көбеев,

облыстық мәслихаттың

депутаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button