Жаңалықтар

Сүйіспеншілігін суретпен жеткізеді

       Облыс орталығында дәстүрлі «Жаз энергиясы» атты гарффити байқауы басталды. Шараның биылғы тақырыбы Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіне арналған. Яғни, суретшілер арнайы белгіленген орындарға өз қолтаңбаларын қалдырады.

граффити

Байқауға Қазақстанның әр қалаларынан келген, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан суретшілер, оның арасында, алматылық Ержан Танаев пен Әли Зәкір, сондай-ақ, Санкт-Петербург пен Екатеринбургтен келген рейтерлер қатысады деп күтілуде.

– ҚР мен ТМД елдерінің басқа қалаларындағыдай Қарағандыда да кез келген жерге сурет салуға тыйым салынған. Дала суретшілерінің шығармашылығы коммуналдық қызметтер үшін проблемаға айналмауы тиіс. Осыған орай, «Қарағанды Жарық» ЖШС граффитисттерге трансформаторлық бекеттерді қазіргі заманғы келбетке сай әсемдеп, өздерінің қаласына деген махаббатын сурет арқылы көрсетуді ұсынды, – деді «Қарағанды Жарық» ұйымдастырушы-компаниясының баспасөз қызметі.

«Жаз энергиясы – 2017» байқауына қатысушылар «Қарағанды Жарық» компаниясына тиесілі трансформаторлық бекеттердің қабырғаларына сурет салатын болады. Энергия таратушы компания бұл байқауды жетінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр. Осы уақыт аралығында суретшілер 200-ден астам бекеттерді әсемдеген. Онда қиял-ғажайып сюжеттер мен Тоқтар Әубәкіров, Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Юрий Гагарин және Батырхан Шүкенов секілді танымал тұлғалардың портреттері пайда болды.

Байқау 1-31 тамыз аралығында өтеді.

Қуаныш Аманқұлов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button