Жаңалықтар

Рухани жаңғыру отбасынан басталады

     Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды.

Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Отбасылық өмір даналыққа және өркендеуге апаратын бастау болуы керек.

Президент тарапынан қойылған міндеттерді шешу, отбасындағы ізгілік тәрбиесін дамытуда көп ғасырлық халық педагогикасына және балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарға оқытудың әлемдік тәжірибесіне негізделген, ҚР білім беру жүйесінде лайықты орын алған, Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен үндеседі. Бағдарлама балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады.

Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан, оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса, үйде тыныштық болады. Үйде тыныштық болса, мемлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса, әлемде тыныштық болады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген бағдарламаны жүзеге асыру арқылы «Мәңгілік Елдің» болашағын құра аламыз.

Әр адамның өмірінде отбасы, оның өзіндік санасының қалыптасуының алғашқы баспалдағы болып табылады. Отбасында баланың қарым-қатынас жасауындағы біліктілігі мен дағдысы жетіліп, оның адамгершілік бейнесі мен кәсіби өзінің орнын өзі табу қабілеті қалыптасады. Отбасы ұлттың, елдің, әлемнің, адамзаттың негізі және сондықтан да отбасында дұрыс қарым-қатынас орната білу қажет.

Дидар КАКЕНОВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button