Жаңалықтар

Рухани қазына мекені

      20160414_102744Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән берді. Онда: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деді.

Адам баласының табиғаты рухани қажеттілігін қанағаттандырып, жан дүниесіне ләззат сыйлайтын кітап әлеміне асығып тұратыны белгілі. Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі 27-ықшам ауданында орналасқан «орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» №11кітапхана филиалы қазір шамамен екі мыңдай тұрғынға қызмет көрсетеді. Маңайда тұратын кітапқұмар, көзі ашық, көкірегі ояу талай оқырманның сүйікті мекені. Мұндағы кітап қоры бай. 15500 дананы құрайды және жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Оқу залында түрлі анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, сөздіктер, қазақстандық және әлемдік басылымдар да бар. Кітапхана ішінде жоғары талғаммен безендірілген кітап көрмелері келушілердің қосымша мәліметтер алуына көмек көрсетуде. «Қазақстан – байтақ өлкем, кең арнам», «Сарыарқа төсінде қанат жайған Қарағанды», «Діни экстремизм – қатерлі құбылыс», «ЭКСПО 2017 – Қазақстанның болашағы», «Алаштың Ақселеуі», Қаздауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жыл толуына арналған «Ұлт рухының кемеңгері» сияқты көпшілік шаралар оқырмандар назарында.

Болашақ ұрпақтың бойына кітап­қа деген махаббатты сіңіруде кітапхана ұжымының жасап келе жатқан еңбегі ұшан-теңіз дегім келеді. Қазір біз «жастар кітап оқымайды» дейміз. Жастардың кітапқа қызығушылығын арттыру үшін біз, үлкендер, өзіміз үлгі болуымыз керек. Көпшілік арасында кітапқұмарлар көбейіп келеді. Біраз уақыт ақпараттың басқа түрлеріне бұрылып кетіп, қасиетті кітапты шетке ысырған қалың оқырман қазір рухани қазынаны кітап парақтарынан қайта іздей бастағандай. Арасында үлкеннен ұлағат көрген жастар да баршылық. Ал, жас ұрпақтың кітапқа құмарлығын арттырып, оларды халқымыздың асыл қазынасын, салт-дәстүрін сүйетін, елін, жерін, тілін құрметтейтін азамат етіп тәрбиелеуде кітапханада өтіп жатқан шаралардың орны ерекше.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазыналы, бай өлке – Қарағанды», дара дарын иесі А.Сейдімбектің туғанына 75 жыл толуына орай «Арқаның алтын сандығы» атты ток-шоу, ҚР Рәміздерінің 25 жылдығына орай «Рухты асқақтатар рәміздер» сияқты іс-шаралар келушілердің ойына ой қосса керек. Осы ретте іс-шаралардың заманауи материалдармен жабдықталуына, келушілердің қызығушылығын оятуға үлес қосып келе жатқан кітапхана меңгерушісі А.Ыдырысова және кітап­ханашылар А.Кенжеғалиева мен Г.Әбе­кеновалардың еңбегін айрықша атап өткен жөн. Олар ұйымдастырған түрлі кездесу кештері, тақырыптық шаралар, сауалнамалар мен пікірсайыстар оқырмандар көңілінен шығады. Өйткені кітап­ханашылар – заманға сай ақпараттық технологияларды меңгерген, жоғары білімді және мәдениетті, қазіргі замандағы ақпараттық даму көшінен қалмайтын жігірлі де елжанды адамдар.

Ұлт Көшбасшысы  Н.Назарбаев «Болашақ – білімді ұрпақ қолында» деп атап көрсеткеніндей, мемлекетіміздің өркениетті даму деңгейіне жетуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан кітап­хана – талайларды білім нәрімен сусындатқан рухани қазына орталығы. Еліміздің тағдыры өсіп келе жатқан ұрпақтың біліктілігі мен тәрбиелілігіне байланысты десек, аталған кітапхана заман талабына сай білім мен ғылымның, шығармашылық және мәдени дамудың жетістіктерін насихаттауда ел игілігіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мәдени ошақ деп сеніммен айта аламыз.

Күлзада ТӨЛЕП,

кітапхана оқырманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button