Құрметті зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері!

Қазанның бірінші күні ерекше күн –Қарттар күні мерекесі болып белгіленген, біз бұл күні құрметті жастағы адамдарды құрметтейміз.

Мұндай дәстүр қазақстандықтарға тән. Өйткені, егде жастағы адамдар – еліміздің алтын қорын, патриотизм үлгісін көрсететін дәстүрлерді сақтаушылар.

Ежелгі ұрпаққа қамқорлық – біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстанда егде жастағы адамдардың лайықты өмір сүру жағдайларын жасауға көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын зейнетақы көлемі ұлғайтылып, көп балалы аналарды марапаттау, медициналық-әлеуметтік көмек жүйесі және басқа да көптеген шаралар үнемі жетілдірілуде – бұл егде жастағы адамдарға тұрақты қамқорлық көрсеткіші.

Қоғамдағы қарттардың рөлі зор, өте маңызды: жас ұрпақтың өміріне сіздер ғана даналық пен жылулықты бересіздер, қолдап, тірек бола отырып, отбасылық дәстүрлерді сақтайсыздар.

Әрбір отбасының жүрегінде – аға ұрпаққа деген сүйіспеншілік пен естелік жатыр. Тек сіздер ғана немерелеріңіз бен неменелеріңізге көптеген жылдар бойғы тәжірибелеріңізді бересіздер.

Ең үлкен оптимистер – бұл қарт адамдар, дейді. Бүгінде сіздердің көпшілігіңіз жасыңыз бен денсаулығыңызға қарамастан, әлсіздіктің көрінісін ұнатпайсыздар. Сіз өзіңіздің туған қалаңызда болып жатқан барлық нәрсеге бей-жай қарамайсыз. Сіздің өміріңіздің қуаты, тәжірибесі мен білімі өмірімізді жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз.

Қарағандыда егде жастағы адамдардың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін барлық қажеттіліктер жасалуда. Жыл сайын ардагерлерге арналған мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, үйде әлеуметтік көмек бөлімдері жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, ардагерлерге ерекше назар аударылады.

Бұл мереке қаланың егде жас өкілдерінің ерлік ісіне, өмірлік тәжірибесіне, даналық пен мейірімділікке деген ризашылықты білдіретін жылы сөздер айтқан тамаша мүмкіндік болды. Қаланың өркендеуіне үлес қосып, сақтағандарға, облыс орталығы мен біздің еліміздің гүлденуіне және дамуына үлкен үлес қосқандарға алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің көпшілігіңіз белсенді өмір салтын сақтап, жұмыс істеп, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, өз білімін, тәжірибесін жастарға беріп отыр. Сіздердің арқаларыңызда біз бүгін қауіпсіз және бейбіт өмір сүреміз. Қоғамның міндеті — сізді лайықты қарттықпен қамтамасыз ету.

Құрметті Қарағанды қаласының аға буын өкілдері!

Сіздерге ең бастысы – денсаулық, қуаныш, ішкі дүниеңіз бен жасыңызды жоғалтпай, болашақ ұрпаққа даналық пен тәжірибемен бөлісуіңізді тілейміз. Ал, өмірлеріңіз жағымды оқиғаларға толы болсын. Өйткені, жас жылдармен емес, жанның күйімен өлшенеді. Ал, біз сіздің жаныңыз жас және жалынды болып қалуын қалаймыз.

Әрқашан тек қана жақын адамдардан ғана емес, айналаңыздағылардан да қамқор мен сыйға ие болуыңызды тілеймін.

Қарт шағыңыз сүйікті істермен, демалумен және көңіл көтерумен айналысатын себептердің бірі болып, ал балаларыңыз ілтипаты мен қамқорлығына бөлеп, немерелеріңіздің күлкісі өміріңіздің әрбір сәтін қуанышқа толтырсын.

Егде жастағы адамдарға ілтипатпен қарау Қазақстандық әрбір азамат үшін маңызды іс болсын. Өмір жастарыңыз ұзақ болсын!

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

Қарағанды қалалық

мәслихатының

хатшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.