Жаңалықтар

Құрметті полиция қызметкерлері!

     Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Қазақстандық полицияның қалыптасуы, басты игілігіміз – ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтап қалуымыз болып табылады. Және ол мемлекетіміздің даму тарихымен тығыз байланысты.

Бұл жетістіктерде құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете алған ішкі істер органдарының ерекше рөлін атап өткен жөн. Тұлға мен қоғамдық құндылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптасуының шарты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей «…Форма киген адам мемлекеттің айрықша қорғауында болуы керек, қызметтік міндетін орындау барысында оның өміріне қол сұғылмаушылықтың қамтамасыз етілуіне кепілдік берілуге тиіс…».

Тұрғындар, жергілікті органдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді өзара әрекеттестік полиция қызметінің ашықтығын арттырды. Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы елеулі жақсарды, автомобильдер паркі жаңартылып, арнаулы жасақтардың техникалық қаруландырылуы жалғасуда. Дәл осы жағдайда ауқымды профилактикалық жұмыс жағымсыз тенденцияларды жоюды еселеуге мүмкіндік береді.

Жоғары кәсіпқойлық пен өз ісіне адалдық Сіз­дерге қылмыскерлерге қарсылық көрсетуге, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша міндеттерді табысты атқаруға жағдай жасайды. Кадрлық қызметті, тәртіпті, заңдылықты нығайту, әскери және кәсіби даярлықты жетілдіру, ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша орасан жұмыс атқарылуда.

Қазақстан Полициясы күні – қазақстандық полицияны қалыптастыруға жан аямай күш салғандар мен оның қатарында қызмет етушілерге деген алғыстың белгісі. Бұл – өз ісіне деген адал қызметімен халықтың қадіріне ие болған полиция ардагерлеріне алғыс.

Сіздерге денсаулық, ел игілігіне бағытталған қызметте табыс, жақсылық пен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

қалалық мәслихат хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button