Жаңалықтар

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

       Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстанның мемлекеттік мекемелері – ҚР Президенті және Үкіметі белгілеген еліміздің қалыптасуы мен Республикамыздың дамуының стратегиялық бағыттарын жүзеге асырудың негізі болып табылады.

Мемлекеттік қызметкердің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді.

Өз тағдырын Сіздерге сеніп тапсырған, Сіздердің біліктік пен кәсіпқойлыққа сенім артқан азаматтарға қызмет етуден құрметті мамандық жоқ.

Халық Сіздерден адамгершілікті, патриоттық сезімді, заңдылықты бұлжытпай сақтауды күтеді. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының сапасына әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, халық өмірінің деңгейі мен жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуы тәуелді.

Мемлекет жоғары мамандандырылған, ұйымдасқан, құқықтық және нәтижелі басқармасы болған жағдайда ғана табысты болып гүлденеді.

Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да қазақстандық мемлекеттілікті, демократияны, мемлекет экономикасын дамытуды қалыптастыру мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдіміз. Қызметтеріңіз бен мемлекеттік қызметке деген адалдық үшін алғыс білдіреміз!

Отанымыздың даму үрдісімен сабақтас әр күндеріңіз қуаныш пен мақтанышқа бөлесін!

Сіздерге Қазақстан халқына қызмет ету сияқты мәртебелі істе табыс, жақсылық пен бейбітшілік, кемеңгерлік пен төзімділік тілейміз. Отбасыларыңызға мықты денсаулық, амандық пен Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне жасалған барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз.

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

қалалық мәслихат хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button