Жаңалықтар

Құрметті мемлекеттік органдар қызметшілері!

     Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері күнімен құттықтаймыз!

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы көрсеткендей, кез келген мемлекеттің жетістіктері мен дамуы мемлекеттік органдардың тиімді және кәсіби қызметіне тікелей байланысты. Сондықтан, мемлекеттік аппарат халық алдындағы қызметтің жоғарғы межелеріне ұмтыла отырып, үнемі даму және гүлдену үстінде. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар да күшеюде.

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік қызмет саласында ауқымды реформалар жүргізу жөнінде кездейсоқ айтқан жоқ. Сол арқылы түпкі мақсат – баршаға арналған заманауи мемлекеттік құрылымға қол жеткіземіз.

Біздің аймағымыз бен еліміздің табысты дамуы сіздердің өз істеріңізге адалдықтарыңызға, белсенді азаматтық ұстанымдарыңызға, кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңізге байланысты. Облыстың тұрмысын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда сіздерге үлкен міндет қойылып отыр.

Мемлекеттік қызметші – мемлекет келбеті. Осы орайда мемлекеттік қызметшіден жоғары адамгершілік қасиет пен кәсіби іскерлікті күтеді. Сіздерге аса қиын да жауапты қызмет жүктелген. Сіздер сол міндетті іске асыруда аянбай тер төгіп жүрсіздер.

Қымбатты достар!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке, мемлекетіміз бен халқымыздың әлеуетін арттыру жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button