Жаңалықтар

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Полициясы күнімен құттықтаймыз!

Республиканың құқық қорғау органдары өзінің құрылғанынан бергі 25 жыл ішінде қылмысқа тосқауыл қоятын, азаматтардың Конституция кепілдік берген құқығы мен бостандығын қорғайтын, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қорғайтын қуатты мемлекеттік жүйеге айналды.

Полиция қызметкерлері кез келген сәтте-ақ азаматтар мен қоғамды қорғау үшін, осынау аса жауапты қызмет жолында өз өмірлерін қиюға да әзір екендіктерін көрсетіп, қырағылық танытуда. Қазақстандық полиция мақтан тұтатын ерлік жолындағы көрсеткіштер қаншама?!

Сонымен бірге, ішкі істер органдарында қызмет ету қызмет барысындағы асқан жауапкершілікті және адамгершілік қасиеттерді талап етеді. Өзіміз байқап отырғандай, ішкі істер органдары кейінгі уақытта қоғамның полицияға деген сенімін арттыруға бағытталуда.

Қазақстандық полицияның игі дәстүрлерін сақтауға, жас полицейлерді тәрбиелеуге сүбелі үлес қосқан ішкі істер органдарының ардагерлеріне деген алғысымыз ерекше.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері әлі де қызметтік парызын – қоғамдық тәртіпті күзетіп, азаматтардың бейбіт өмірін қорғауды абыроймен атқара береді деген сенімдеміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button