Жаңалықтар

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

        Медицина қызметкерінің күні мерекесі құтты болсын!

Осынау қадірлі мамандық барлығымыздың баға жетпес байлығымыз – денсаулығымыз бен өмірімізді қорғайтын ерекше жандарды біріктіреді.

Қарағандының медицина мектебі – жоғары кәсібилігімен, сапасымен ерекшеленеді. Біздің университеттің түлектері, тек, Қазақстан аумағында ғана емес, әлемнің түпкір-түпкірінде жемісті еңбек етіп, абырой биігінен көрінуде.

Сіздер, ота жасау, елдің денсаулығын тексеру, науқас жандарға көмек көрсету барысындағы күнделікті еңбектеріңізбен емделуші адамдарға, тұтастай елімізге болашақ сыйлайсыздар. Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында атап өткендей, ұлт денсаулығы – біздің гүлденген болашағымыздың кепілі.

Мемлекет әрбір азаматтың сапалы медициналық қызметке қол жеткізуі үшін қыруар қаражат жұмсайды, барлық күш-жігерін салады. Өткен жылы облыстың көптеген селоларында отбасылық амбулаториялар ашылды және жөндеу көрді. Биылғы жылы да жаңа медициналық мекемелерді ашу, жөндеу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған іс-шаралар, әрине, Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз болмаса, оң нәтиже бере алмайды.

Иә, қазіргі күні медицинаға жаңа технологиялар енгізілуде. Бірақ, дәрігердің, медбикенің жылы сөзі мен жүрек жылуы – адам денсаулығын оңалтудың басты шарттарының бірі болып қала береді.

Шуақты мерекеде денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне, оқытушыларға және осы күнді еңбек орнында, ауруханаларда, жедел-жәрдем ұжымдарында қарсы алып, халық денсаулығын күзеткен жандарға ыстық ықылас білдіреміз, ерекше құттықтауымызды жолдаймыз.

Қадірлі достар!

Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен байлық, адамзаттың алғысына бөленген еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

Әріптестеріңіздің сый-құрметі, туғандарыңыздың мейірімі, Сіздерді, өмірде және еңбек жолында жаңа белестерге жетелесін!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button