Жаңалықтар

Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері!

Сіздерді ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1997 жылы ҚР «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң қабылданып, 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні ретінде белгіленді.   Бүгінгі күнге дейін газет, телеарна, радио және баспа өнеркәсібі қызметкерлері халықтың пікірін пайымдап, қоғамдық көзқарас қалыптастыруда.

Қазіргі таңда қазақ журналистикасының өзіндік мектебі қалыптасып, бұқаралық ақпарат құралдары уақытпен үндесіп, даму көшінің бел ортасында келеді. Сіздердің қатарларыңызға өзіндік қарым-қабілетімен ерекшеленетін жас журналистер толқынының қосылуы бізді де қуантады. Баспасөз – билік пен халықтың дәнекері! Аймақта осы байланысты тереңдететін байыпты, байсалды шығармашылық ұжымдардың еңбегі қашан да бағалауға лайық. Журналистика жүгін қайыспай көтеріп, міндетіне барынша адалдық танытып жүрген әріптестерге тек сәттілік тілейміз.

Сіздердің иілмес иықтарыңызға, бүгілмес белдеріңізге зор жауапкершілік жүктелген.  Себебі, қазіргі жаһандану заманында байланыс пен ақпараттың алар орны ерекше. Мұндай сәтте Сiздер тұрғындарымызды жедел ақпаратпен қамтамасыз етіп, жаңалықтың жаршысына айналып отырсыздар.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ақпараттық сала – бұл заманауи мәдениеттің ажырамас бөлігі екенін жеткізе отырып, журналистердің басты қағидалары бұрыннан қалыптасқанын тілге тиек еткен еді.

Ең бастысы, Сіздер билiк пен халық арасындағы байланысты қамтамасыз етiп, тұрғындар тұрмысының жақсаруына зор үлес қосып келесiздер. Сіздердің жемісті жұмыстарыңыз – қашан да халық назарында. Сондықтан, еселі еңбектеріңіз ел игілігіне айналып, қалам тартқан тақырыптарыңыз табысқа толы болсын деп тілейміз!

Мерекелеріңізбен, мәртебелі мамандық иелері!

Қадірлі қалам ұстаған қауым! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Атқарған еңбек пен төккен тер – Тәуелсіздікті тұғырлы етуге жұмсала берсін. Қалам құдіреті шығармашылықтың шыңына жетелеп, абырой-беделдің биігінде асқақтаңыздар. Мереке құтты болсын!

 Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button