Жаңалықтар

Құрметті байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері!

Біз Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Сіздер, азаматтарды ақпараттандыру мақсатында жауапты іс тындырып, қоғамдық пікір тудырасыздар. Адамгершілікке жол сілтеп, елдің және облыстың ты­ныс-тіршілігі мен басты жаңалықтарды жария ете­сіздер. Сондықтан, кез келген ақпаратты кәсіби деңгейде, шынайы және оң пікір тудыратындай етіп жеткізу дәл Сіздерге байланысты. Сіздердің еңбек отандастарымызды патриоттыққа және рухани-адам­гершілікке тәрбиелеу ісінде, мемлекеттің де­мо­кратиялық құндылықтарын нығайтуда ерекше мәнге ие.

Бұқара мен билік арасындағы алтын көпір ретінде, өзекті мәселелерді көтере отырып, билікті қарқынды қызмет етуге бастайсыздар. Халыққа қол ұшын беріп, ахуалдың оң шешілуіне ықпал етесіздер. Сол себепті, біз Сіздер арқылы қоғамның тынысын зерделейміз.

Алдағы уақытта да ортақ мақсаттарымыздың ор­ын­далуына, қарағандылықтардың тұрмысын жақ­сар­туға, шығармашылық әлеуетін арттыруға бағыт­тал­ған жасампаздық жолындағы еңбегіміздің жануына бір­лесе үлес қосуларыңызға тілектеспіз.

Баспа БАҚ өкілдеріне – ормандай оқырман мен таралымының ұлғаюын, электрондық баспа құ­рал­дарына – үздіксіз ғаламтор жұмысы мен ауди­то­рия­сының кеңеюін, телеарналарға – төл теле­өнім­дерінің ауқымы кеңеюін және көрермендері са­нының артуын тілейміз. Барлық БАҚ өкілдеріне – жа­рия етілген ақпаратқа деген асқан жауапкершілік, ақпараттарыңызды пайдаланушылардың сенімін және уақыт ағынына сай даму, өркендеу тілейміз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткендей, біз жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ бастық.

БАҚ өкілдерінің жұмысы қоғам үшін маңызды. Ақылымен, күш-жігерімен, дарынымен заманға сай Қазақстанның келбетін қалыптастырушы азаматтардың еңбегін кеңінен насихаттау керек. Ұлттың алтын қорын қоғамға үлгі етіп, қалың елге таныстыру керек.

Сананың жаңғыруы – заңдылық. Біздің Елбасы­мыздың сөзімен айтсақ: «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді».

Мерекелеріңізбен! Сіздерге шығармашылық та­быс, отбасылық бақыт, зор денсаулық, игі баста­ма­ла­рыңызға сәттілік тілейміз!

Құрметпен,

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының

міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button