Қарағанды

Құрметті қарағандылықтар мен қала қонақтары!

Мемлекетіміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі – Конституция күнімен құттықтаймыз!

Басты Заңда жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жарияланған. Ол – тәуелсіздіктің іргетасы, елдің жетістікпен дамуының кепілі. Конституцияны қабылдаған күннен бері 20 жылдан астам уақыт өтті, осы уақыт аралығында Конституция уақыт сынағынан лайықты өтті. Конституциялық ережелердің зор әлеуеті қоғамымыздың бүгінгі күнгі жетістіктері мен табыстарының негізі болды. Сөзсіз, осының барлығы Президентіміз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың берік саясатының арқасында мүмкін болды.

Қазақстанның болашағы зор – оны табысты жүзеге асырудың кепілі – Мемлекет басшысы кепілгері болып табылатын Конституция. Оған сүйене отырып қоғамымыз дамуының демократиялық қағидаттарына, ел бірлігін, азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Еліміздің Конституциясы тарихымызды, дәстүрлеріміз бен саяси мәдениетімізді, ең бастысы – қазақстандықтарды бейнелейді. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей «Конституция бойынша, заң бойынша өмір сүру – жай ғана қажеттілік пен азаматтық міндеттілік емес. Бұл – азат адамдардың артықшылығы. Өз құқықтарының бағасын біліп, басқалардың да осындай құқықтарын мойындайтын адамдардың артықшылығы. Осындай жағдайда ғана біз – жеке азаматтар емес, Қазақстан халқымыз, тұрғындар емес, қоғамбыз, азаматтық қоғамбыз. Географиялық кеңістік емес, бізді біріктіретін елміз».

Қазақстан Республикасының Конституциясы халқымыздың тәуелсіз және әділ қоғамда өмір сүруге,  мемлекеттік ынтымақтас­тықты, ата-бабаларымыздың естелігіне деген адалдықты құрметтеуге және келешек ұрпақтың алдындағы жауапкершілікті сезінуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Құрметті жерлестер!

Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Үйлесімді жұмысымыз, ынтымақтастығымыз бен жасампаз қуатымыз Қазақстанның гүлденуі мен амандығына ілгермелі қозғалысын айқындайтынын біле отрып, біз болашаққа сенімділік және үмітпен қараймыз.

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, өмірдегі барлық жақсылықты тілейміз!

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

қалалық мәслихат хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button