Жаңалықтар

Құрметті қарағандылықтар мен қала қонақтары!

Сіздерді тамаша мереке – елордамыз Астананың туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке қоғамдық-саяси мәнге ие және әр қазақстандық үшін жалпы халықтық және маңызы зор болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қоғам өмірінің барлық салаларында таң қалдырарлық жетістіктерге жетті. Осындай жетістіктердің бірі – Қазақстанның көпұлтты халқының тынбас еңбегі мен Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы      Назарбаевтың басшылығымен қысқа мерзімде бой көтеген астанамыз.

Санаулы жылдар ішінде Астана гүлденіп, түрленді. Бүгінгі күні Астана – сәулеті қайталанбас әлемдегі ең әсем қалалардың бірі. Ол ерекше келбетімен басқа астаналардың қатарында өзіне лайықты орын алды. Сондықтан, Астана жаңа мәртебеге ие болған 6 шілде күні басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күні болып табылады.

Қазіргі таңда Астана – ірі саяси және экономикалық орталықтардың бірі. Осыдан жасампаздық идеялармен жобалар таралуда. Осында халықаралық кездесулер өткізіліп, жаһандық мағыналы мәселелер көтеріледі.

Біздің астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу орны болып таңдалғаны ерекше мәнге ие. Барлық жер шарынан көптеген адамдар Астанаға ұмтылуда. Көрме тәуелсіз Қазақстанның ұлттық жобасы болды.

Елбасының тиімді этносаралық және конфессияаралық саясаты нәтижесінде Астана рухани-өнегелік мәселелерді шешу орталығы. Бұл демократиялық реформалар арқасында Қазақстанның қысқа тарихи мерзім ішінде барлық әлемге танымал тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының көрсеткіші болды.

Астана – мемлекеттің әкімшілік орталығы ғана емес, Қазақстанның жоғары экономикалық және саяси алаңға шығуына байланысты халықтың жаңа тарихи нышаны болып табылады.

Біз өз астанамызды мақтан тұтамыз. Астана – жалпыұлттық жетістік, Астананың туған күні – барлық қазақстандықтардың мерекесі, мемлекетіміздің табыстарының көрсеткіші.

Мереке құтты болсын, құрметті қарағандылықтар!

Әр отбасына және әр азаматқа денсаулық, табыс пен өмірлік бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Қазақстан мен оның мақтанышы – Астананың гүлдене беруіне тілектеспіз!

 

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының

әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

қалалық мәслихат

хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button